Жүзуден әлемнің алты дүркін чемпионы британдық танымал спортшы Марк Фостер өзінің гей екенін мойындады деп жазады The Guardian басылымы.
Ол өзінің еркектік қасиеттерден мүлдем жұрдай екенін көпшілікке айту үшін ұзақ дайындалған көрінеді. Бұл қадамға бару оңайға соқпады дейді. Алайда, «қызтекелікпен» ауырғандықтан оны жасырып жүру мүмкін болмапты.
«Мен бүгін аздап қобалжыдым. Ұзақ уақыт бойы шындықты жасыру маған оңайға соққан жоқ. Шындықты көпшілікке айтуға бұрыннан оқталып жүргем, бірақ сәті түспеді. Енді бұдан әрі өзімді алдай алмайтынымды түсіндім», – деді Марк Фостер.
«Өзімнің гей екенімді спорттағы серігіме ғашық болған кезде бір-ақ білдім. Ол кезде жасым 21-де еді. Содан мұны анама және әпкеме айтып, бірақ спорт қауымдастығынан жасыруға тура келді», – дейді әйгілі чемпион.
Марк Фостер суға жүзу спортынан әлемнің 6 дүркін чемпионы және Олимпиада ойындарына 5 рет қатысқан. Ол сондай-ақ, әлем рекордын 8 рет жаңартқан британдық спортшы.