$ 498.34  519.72  4.85

Денис Тен Сочи олимпиадасының қола жүлдесінен айрылып қалуы мүмкін

КСРО мен Ресейдің жеңілатлеті, Олимпиада ойындарыны чемпионы Иоланда Ченнің пікірінше, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2014 жылы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарының барлық нәтижесін жоққа шығаруы керек. Даңқты спортшының мұндай мәлімдемесін «Спорт-Экспресс» басылымы жариялады.

Олимпиаданың экс-чемпионы мұндай ұсынысын Халықаралық олимпиада комитетіне жолдағанын да айтып отыр.

«Олимпиада біткеннен кейін допинг сынамалары бар пробиркалардың зақымдағанын анықтағаннан кейін не істеу керек? Әрине ХОК мұндай жағдайда жарыстың бүкіл нәтижелерін жоққа шығарып, есепке алмауы керек. Иә, Сочи олимпиадасының ұйымдастырылуы керемет өтті, спортшылардың бәрі керемет өнер көрсетті. Бірақ, заң тұрғысында шаралар қолданбаса онда жарыстың нәтижелерін мойындамауымыз керек», — деді Чен.

Ол сондай-ақ, өмір бойына спорттан шеттетілген ресейлік спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың адвокат жалдауына қаржылай көмек беруге әріптестерін шақырды.

Еске салайық, 5 желтоқсан күні ХОК Ресейді 2018 жылы өтетін қысқы олимпиада ойындарына жібермейтінін мәлімдеді. Ал, өздерінің допинг дауына еш қатысы жоқ екенін дәлелдеген спортшылар жарысқа Олимпиада туының астында қатыса алады.

Ал, Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз қола медальді конькимен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары