$ 498.34  519.72  4.85

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Алматыда 2 мұз айдыны ел игілігіне берілді

Бүгін Алматыда екі жаңа әрі тегін мұз айдындары ашылды, олар Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағы алдына және Желтоқсан көшесі мен Абылай хан даңғылының арасындағы Жібек жолы көшесінің бойына орналасқан. Мегаполисте 16 желтоқсанға дейін басқа да аудандандарда тағы да жеті мұз алаңдары ашылатын болады.

Мұз айдындарын қаланың барлық қонақтары мен тұрғындары тәулігіне 24 сағат бойы пайдалана алады. Сырғанайтын жерлерде келушілер үшін тамақтанатын орындар мен конькийлерді жалға алу ұйымдастырылған.Конькийлерді 1 сағатқа жалға алу құны 600 теңге. Жалға беру орындары жай күндер таңғы сағат 10-нан түнгі 22.00-ге дейін, ал демалыс күндері күндізгі сағат 12.00 ден 00.00-ге дейін істейді.

«Мұз, балалар, спорт алаңдары қалалықтардың таза ауада спортпен шұғылдануларына жақсы жағдай жасайды. Мұз айдындарына өз конькийлерімен келіп, отбасымен бірге сырғанауға болады», - деп атап өтті Алматы әкімі Б.Байбек.

Конькимен сырғанау алматылықтардың сүйікті спорт түрлерінің бірі. Сондықтан, шаһарда бұқаралық сырғанауға ерекше ден қойылуда. Қазір қалада тұрақты істеп тұрған жабық 8 мұз айдыны бар. Қосымша ашылатындары тағы бар. Олардың барлығы Алматының ауа райына төзімді, заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалады.

«Бұл мұз ауа райы қандай болғанына қарамастан, яғни +10 градусқа дейін жылы болса да қатып тұрады. Алаңдардың тоңазытқаш құралы мұзды ерітпеуге қолайлы температураны қамтамасыз етеді. Келушілерге өте ыңғайла болады. Біз ауа райына қарай температуралық режимді орнатамыз», - деді құрылыс компаниясының басшысы Мұхамеджан ӨСЕР.

Қазіргі таңда «Медеу мұз айдынында» конькимен сырғанауды тегін үйрететін нұсқаушылар жұмыс істеуде. Мұның барлығы «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Басты мақсат – бұқаралық сырғанауды дамытып, салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарын арттыру.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды. Бұл - қаладағы әрбір бесінші аула.«Менің ауламдағы спорт» бағдарламасы аясында 6 мың бала кәсіби нұсқаушылармен бірге аулалардағы 75 спорт алаңдарында жаттығуда. 2020 жылға дейін қаланың барлық 600 спорт алаңын қамту жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары