$ 474.72  515.17  5.58

Алматыда оқушы-спортшылар «Рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

Алматыда Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымымен кездесу өтіп, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының орындалу барысы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі бағыттар талқыланды.

Іс-шараға ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері, профессорлық -оқытушылар құрамы мен студенттер, партия филиалының қызметкерлері және бастауыш партия ұйымдары, сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жиынды Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұрбол Сыдықов ашып, жиналғандар алдында сөз сөйледі.

Спорт мектебінің басшысының айтуынша біздің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріміз еліміздің тұрақты қарқынмен дамып келе жатқаны. Ол сондай-ақ, әрбір азаматқа қатысты Жолдауда қойылған міндеттер туралы айтып өтті.

- Мемлекет Басшысы халықтың денсаулығын сақтау, халықты спортпен айналысуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығыерекше көңіл бөліп келеді. Біздің азаматтарымызды белсенді, салауатты өмір салтына жас кезінен үйрету қажет. Бұл жағдайда спорттық мектептерде үлкен рөл атқаруы керек, — деді Нұрбол Сыдықов.

Өз кезегінде Бостандық ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Әр аулада заманауи спорттық алаңдар және қалада үлкен спорттық нысандар салынды деді.

- Мемлекет басшысының Жолдауы-бұл негізгі бағыттаушы құжат болып табылады. Алға қойған мақсаттарды табысты жүзеге асыру барлық партия мүшелерінің бірлесе атқарған жұмысына байланысты.  Мен жоғары спорт мектебінің оқушыларына әлемдік спорт аренасында жеңістер мен табыстарға жетуін тілеймін, - деді Бостандық ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов.

Еске салайық, биыл сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Онда Елбасы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін жасалуы тиіс шараларды тапсырма ретінде тізбектеп шыққан. Ең басты мақсат - қоғамдық сананы жаңғырту, сол арқылы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Осы мақсатқа жету үшін Президент 6 басым бағытты көрсеткен. Олардың өзі бірнеше мемлекеттік бағдарламадан тұрады. Олардың қатарында "Туған жер", "100 жаңа есім", "Қазақстанның киелі жерлерінің картасы" сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар, Елбасы қазақ тілі латын әліпбиіне кешіктірмей көшіруді де осы мақаласында үкіметке тапсырды.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары