Қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Льеж қаласы қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін деп жазады Sudinfo.be.
Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобневқа келісіммен жарысқа түсті деген айып тағылды. Сот отырысы 13 наурызда өтеді. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп – Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж – Бастонь – Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен. Екі шабандоз да мұны жоққа шығарды. Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді, – делінген мақалада. Ресейлік Александр Колобнев 2017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялады. Ал, Винокуров 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері.