$ 443.85  474.3  4.8

Астанада үздік хоккейшілер бас қоспақ

Құрлықтық хоккей лигасының үздік ойыншылары 10 қаңтар күні Астанада бас қосады деп мәлімдейді елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Хоккей сүйер қауым тағатсыздана күтіп отырған танымал ойыншылардың тартысы елімізде алғаш рет өтеді. «Хоккей жұлдыздары аптасына» 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Олар 4 командаға бөлініп, өзара мықтыларын анықтайды. Бұл додада «Барыс» командасының сапынан Найджел Доус, Кевин Далман және Линден Вей ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары