Белорусь елінің астанасы Минск қаласында бокстан Кеңес Одағының батыры Виктор Ливенцевті еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Ақтық сында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Ержан Жомарт Түркиядан келген боксшыны ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Еркін Мұхамеджан да өзбек жігітін айқын басымдықпен жеңіп, ел қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Бұған дейін жартылай финалдық кездесулерде Абылайхан Жүсіпов (64 кг) пен Шаймұрат Құсайынов (81 кг) жарыс жолынан шығып, үшінші орынды иемденген болатын.
Ал, аталған турнирдің ең үздік төрешісі деп қазақстандық маман Нұрбек Батыров танылды.