$ 443.35  475.54  4.82

«Қазақстан» арнасы Головкиннің екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

«Қазақстан» РТРК Г.Головкиннің осы жылдың ішінде жақын арада өтетін екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығына ие болды. Геннадий Головкиннің американдық кіші Вилли Монромен өтетін жекпе-жегін «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден мамыр айының ортасында көрсететін болады. Бұл туралы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

17 мамыр күні таңертең «Қазақстан» телеарнасы 2015 жылғы басты күрестердің бірі – орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Г.Головкин мен орта салмақта «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жасар кіші В.Монромен күресін Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді.

17 мың адам сиятын Лос-Анджелестің (АҚШ) жаңартылған «The Forum» аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 7.00-де «Қазақстан» телеарсанынан көрсетіледі. Головкин мен кіші Монроның күресі шамамен таңғы 9.00-де көрсетіледі. Трансляциялардың қайталаулары 17 мамыр күні күндізгі уақытта және 18 мамыр күні кешкі уақытта «Кazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Г.Головкин Қарағанды қаласының тумасы, қазақстандық боксшы, 2003 жылы әуесқойшылар арасында әлем чемпионы және 2004 жылы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

2013 жылы 24 сәуірде Қазақстанда XX Халықтар Ассамблеясында Г.Головкин өзінің шығу тегі туралы былай деген болатын: «Ұлтым туралы сұраған кезде, мен былай деп жауап беремін: Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын! Менің барлық жеңісім еліме арналады, менің халқыма, Президентіме арналады!».

Головкиннің екінші жекпе-жегі, болжам бойынша, қыркүйек айына жоспарланып отыр. Нақты күні, өткізілетін орны мен қарсыласының есімі әлі белгісіз. Алайда, баокс пен Головкиннің жанкүйерлері «Қазақстан» телеарнасынан жекпе-жекті көретіндеріне сенімді бола алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары