Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Денис Тен қысқа бағдарламада өнер көрсетті деп жазады Қазақпарат.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ, Алматыда өткен 28-қысқы Универсиаданың чемпионы Денис Тен жеке өнер көрсететін қысқа бағдарламадан 70,12 (30,77 +39,35) ұпай жинады.
Ол 30 мәнерлеп сырғанаушының ішінен төртінші болып мұз айдынға шықты. Енді, ол ертең еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін осы 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі керек.