$ 498.34  519.72  4.85

Дэниэл Гил: «Головкинге қарсы тағы бір рет рингке шығуға қарсы емеспін»

Әлемнің орташа салмақтағы бұрынғы чемпионы, 34 жастағы австралиялық Дэниэл Гил өткен жылдың жазында Геннадий Головкиннен жеңілген жекпе-жегі өзімді қатты шыңдады деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Нью-Йорк қаласында Гил WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы пуэрторикандық Мигель Коттомен рингте кездеседі, деп жазады sports.kz.

«Бұл жұдырықтасудан кейін бойыма күш құйылғанын сезіндім. Сол жекпе-жек көп нәрсеге үйретті. Мені үсті-үстіне соққылады. Бірақ мен ес жинадым және кездесуден соң да бойымда күш қалды. Головкинге қарсы тағы бір рет рингке шығуға қарсы емеспін, бірақ қазіргі кезде бар назарым Коттода», - деп мәлімдеді Гил. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары