$ 444.22  476.38  4.82

Сабина әлемнің ең сұлу спортшысы

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық Surabayanews порталының нұсқасы бойынша әлемнің ең сұлу спортшысы атанды.

"18 жастағы спортшының жүзі де, дене бітімі де сұлу. Ол әдемі және сұлулығымен әлемге танылды", - деп жазады басылым.

Тізімде екінші орынға 2012 жылы спорттық гимнастика бойынша  командалық біріншілікте Олимпиада чемпионы атанған американдық Маккайла Марони алды. Сұлу спортшылардың үздік үштігін ресейлік теннисші Мария Шарапова тұйықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары