$ 494.87  520.65  4.91

«Ордабасы» командасының бұрынғы ойыншысы сотталып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдерін алдап ақша жинаған «Ордабасы» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Елдар Бақтығалиев қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Бұл туралы қылмыстық істі қарап жатқан судья Сәбит Төреханов айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Сот отырысында белгілі болғандай, «Ордабасының» бұрынғы ойыншысы өзін облыстық әкімдіктің қызметкерімін деп таныстырып, аудан әкімдері мен мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін ақша алған. Сотқа қатысқан жәбірленушілер бұл ақшаларды қайырымдылыққа деп сұраған соң бергендерін айтты. Ең көп қаражатты яғни, 1,5 млн теңгені  «Ордабасы» футбол командасының президенті берген болып шықты.

Осылайша «Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы 12 қылмыстық оқиға бойынша 11 жәбірленушіні алдап соққаны анықталып отыр. Сот отырысы кезінде судья айыпталушыға алдағы екі аптаның ішінде жәбірленушілердің бәріне ақшаларын қайтарып беруді талап етті.

Судья Сәбит Төрехановтың сөзінше, айыпталушыға қатысты сот үкімі осы айдың соңына таман шығуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары