$ 472.62  513.22  5.43

ТЕННИС: Зарина Дияс әйгілі Ресей теннисшісін ойсырата жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Майамидегі теннис турнирінің үшінші айналымына шықты деп жазады Vesti.kz. Турнирдің жүлде қоры - 8 миллион доллар.

Екінші айналымдағы матчта Дияс ресейлік Светлана Кузнецовамен кездесіп, 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Дияс бір рет допты қисық ұрып, кейін төрт брейк-пойнттың төртеуін сәтті жасады, ал Кузнецова матч бойынша брейк-пойнтқа бірде-бір рет қол жеткізе алмады.

Айта кетейік, 24 жастағы Дияс WTA рейтингінде 56-орында тұр, ал 32 жастағы Кузнецова әлемнің 27-ші ракеткасы. Мұның алдында қос теннисші кездесіп көрмегенін айта кетейік. Кузнецова "Үлкен дулыға" турнирін екі мәрте жеңіп алған.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы неміс Карина Виттефт болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары