Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альваресті допинг-дауынан кейін спорттан уақытша шеттетті деп хабарлайды Sports.kz.
Альварестің мәселесі 10 сәуірге жоспарланған комиссияның кезекті отырысында шешілетін болады.
Айта кетейік, Сауль Альварес пен Геннадий Головкин 5 мамыр күні қарымта матч өткізулері тиіс. Аталған жекпе-жекте жерлесіміздің 4 чемпиондық белбеуі: IBF/IBO/WBA/WBC сарапқа салынады. Алайда, биыл 17 және 20 ақпан күндері мексикалық боксшының допинг-сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылып, кездесудің өту-өтпеуі белгісіз күйде қалып отыр.