10.06.2015, 18:00

Вилли Монро: «Котто Головкинмен емес, Альвареспен жекпе-жекке шығуы керек

fightnews.ru

Американдық орта салмақтағы Вилли кіші Монро, орта салмақта WBC тұжырымындағы әлем чемпионы Мигель Котто Головкинмен емес, Альвареспен жекпе-жекке шығуы керек деп есептейді. Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

«Головкин жайлы ешқандай жаман сөз айтпаймын, біз онымен таяуда ғана жұдырықтастық, дегенмен Коттоның Альвареспен айқасқанын қалар едім. Бұл айтулы жекпе-жек болар еді.  Котто бәрінен бұрын бірінші орта салмақтағы боксшы, ол Гилмен рингке 153 фунт салмақта шықты, бірақ өте тамаша көрінді. Менің ойымша, ол Альвареспен айқасуы керек,- деген кіші Монроның сөзін келтіреді Boxing Scene.