$ 443.44  480.51  4.88

Мейвезер әлем чемпионы титулынан айырылды

Әйгілі америкалық спортшы Флойд Мейвезер 66,68 келіге дейінгі салмақ санатындағы әлем чемпионы титулынан айырылды.  Бұл туралы  ТАСС жазады.

Мейвезер 3 мамырда филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңіп, барлық үш белдікті (сондай-ақ Дүниежүзілік бокс қауымдастығы мен Дүниежүзілік бокс кеңесі) босату ниетін мәлімдеді, осыған орай ДБҰ бос титулды иелену үшін америкалық Тимоти Брэдли мен Джесси Варгас арасында жекпе-жек тағайындаған болатын. Бұл туралы USA Today басылымы хабарлады.

Алайда Мейвезердің өкілдері ұйымға боксшы әлем чемпионы белдігін босатпағаны жайлы хабарлап, титулды мәртебеге таласатын Брэдли-Варгас жекпе-жегін болдырмауды талап етті. ДБҰ спортшыға 66,68 келіге дейінгі салмақ белдігін босатуын шешу үшін уақыт берді.

Ұйым қағидасы бойынша, спортшыға басқа нұсқа бойынша және басқа салмақ санатында бір уақытта әлем чемпионы титулын иеленуге жол берілмейді. Мейвезер  69,85 келіге дейінгі салмақта ДБК мен ДБҚ белдігінен бас тартуы тиіс. Әрі америкалық әлі күнге дейін ДБҰ-ға Пакьяомен жекпе-жегі үшін комиссиялық 200 мың долларды төлемеген.

Осылайша, 27 маусымда Варгасты жеңіп, «уақытша» белдікті иеленген Брэдли толыққанды әлем чемпионы болып жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары