Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша, әлем боксшыларының рейтингі жаңартылды деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандық боксшылардың рейтингте орындары өзгерген жоқ. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ (90,7 келіге дейін) санатында ТОП-15-те көш бастап тұр.
Қанат Ислам бірінші орташа салмақ санатында (69,8 келіге дейін) алтыншы сатыда, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ санаты бойынша (53,5 келіге дейін) екінші орында.