15.07.2015, 18:00

Еуропа Лигасының барлық ойындарын «Kazsport» тікелей тарататын болады

http://skifnews.kz/

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы еуропалық спорт жарыстарында қазақстандық футболды қолдау мақсатында УЕФА Еуропа Лигасының барлық біліктілік кезеңіндегі матчтарын трансляциялау туралы «Қайрат» футбол клубымен келісім жасасты, деп хабарлайды Skifnews.kz  "Қазақстан" ТРК баспасөзіне сілтеме жасап.

Еурокубоктың алдыңғы матчын жанкүйерлер «Kazsport» телеарнасынан көре алады. Қазақстандық «Қайрат» және армениялық «Алашкерт» клубы 16 шілде күні Алматының Орталық стадионында Еуропа Лигасының екінші біліктілік раунды шеңберінде кездесу өткізеді. Тікелей трансляция Астана уақытымен 20.35-те басталады. Тікелей эфирден көре алмаған  жанкүйерлер үшін«Кazsport» телеарнасы ойынның қайталауын тағы да бірнеше рет көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа Лигасының бірінші біліктілік раунды шеңберінде «Қайрат» екі матчтың ұпай жиынтығы бойынша сербтың «Црвена Звезда» құрамасынан озып түсті. Белградта алматылықтар бірінші ойында 2:0 есебімен, ал Алматыда өткен екінші кездесуде 2:1 есебімен ұтқан болатын.