16.07.2015, 18:00

«Қайрат» «Алашкертті» 0 қылды

www.fckairat.kz

Еуропа лигасының екінші іріктеу раунды аясында Алматының «Қайрат» футбол командасы мен Ереванның «Алашкерт» футбол клубының кездесуі «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Аса тартысты өткен матчта алматылықтар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчта есепті 14 минутта "Қайрат" командасының капитаны Бауырдан Исламхан 11 метрлік айып добы арқылы ашты. Екінші таймның басында (55-ші минут) Жерар Гоу екінші голды салды. Ал "Қайрат" командасына жаңадан келген ойыншы Джордже Деспотович 69 минутта есепті 3:0-ге жеткізді.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 23 шілдеде Ереванда өтеді. 

Тегтер: Футбол