20.07.2015, 18:00

Мейвезер: Андре Уорд Головкинді "ұнтақ" қылып жібереді

kaz.tengrinews.kz

Салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезердің әкесі әрі бапкері үлкен Флойд Мейвезер ұлының қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий Головкин орта салмақта қазір атын шығарып, күшті әсер қалдырды және жанкүйерлердің көпшілігі сенің ұлың Флойдтың салмақ қосып, онымен жұдырықтасқанын қалайды. Бұл жөнінде сен не ойлайсың?", деген сұраққа Үлкен Флойд Мейвезер: "Жігітім, Флойд жұдырықтаспайды, мен саған мұны өзім айта аламын және саған мұны менен басқа ешкім айтпайды - ол онымен жекпе-жекке шықпайды, бірақ бәрібір оны жеңетін еді деп ойлаймын. Бірақ менің бүлдіріп алуым да мүмкін - оның жұдырықтасуы да ғажап емес", - деп күле жауап берді.

Сондай-ақ, үлкен Мейвезерге қойылған тағы бір сұрақ Геннадий Головкинмен кездескісі келетін Андре Уорд жөнінде болды.

"Менің ойымша, Андре Уорд оны "ұнтақ" қылып жібереді! Андре Уорд оны оңай жеңетін еді, себебі Головкинде ондай икем жоқ. Ал Андре Уордта нағыз шеберлік бар, оның боксерлік дарыны тура менің ұлымдыкіндей, бәлкім асып түспейтін шығар, бірақ деңгейі менің ұлымдыкіндей. Сондықтан ол GGG-ны тұлға айналдырады", - деп келтірді үлкен Мейвезердің сөзін ВКонтактедегі "Геннадий GGG Головкин" тобы.

Айта кетейік, ESPN сарапшысы әрі бокс саласының журналисі Дэн Рафаэль Андре Уордтың күзде Геннадий Головкинге қарсы кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.