WBA/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Андре Уордпен тең жағдайда, 164 фунт салмақта айқасқысы келетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұдан бұрын Уорд жекпе-жекті оның салмағы - 168 фунтта өткізуді талап еткен болатын.
«Ол мықты боксшы және біз үшін қызықты да. Бізге ғана емес, баршаға. Мен 50 де 50 болғанын қалаймын. Ол менімен жұдырықтасқысы келеді. Мен бұған толық дайынмын. Қазіргі уақытта оның жағдайы осыдан екі жыл бұрынғыдай емес. Ал менің жағдайыма келетін болсақ, анағұрлым тәуір. Мен гонорардың да, салмақтың да 50 де 50, яғни тең болғанын қалаймын. Бұл көңілге қонымды»,-деп атап өтті Геннадий.