$ 443.44  480.51  4.88

Головкин мен Лемье 17 қазанда кездесетін болды

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Давид Лемьеге қарсы 17 қазанда шығатын болды.

Бұл туралы  Головкиннің өзі Twitter желісінде хабарлаған. Батыстың ақпарат құралдары "мега- және ұлы жекпе-жек" деп отырған кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді және оны HBO телеарнасы тарататын болады.

Геннадий Головкин - Давид Лемье кездесуінің афишасы

Жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин 33 рет жеңіске қол жеткізді, оның 30-ы нокаутпен аяқталды, ал Давид Лемьенің қоржынында 34 жеңіс, оның ішінде 31-і нокаутпен және екі жеңілісі бар.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары