Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық Олимпиада комитетінің 128 сессиясында XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізу құқығын Бейжің қаласы жеңіп алды, деп жазады Skifnews.kz
Олимпиада өткізуге осымен екінші мәрте өтініш берген Алматы қысқы тағы да ұтылып қалды.
Шараға қатысқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 85 мүшесінің көпшілігі Бейжіңді қолдады.
Осылайша, Қытай Азия құрлығында қысқы әрі жазғы Олимпиаданы өткізетін алғашқы мемлекет болып отыр. Олар осыған дейін, 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өз деңгейде өткізген болатын. ХОК мүшелері тәжірибиесі де, спорттағы жетістіктері де мол Қытайға көбірек сенген секілді.
Сонымен, қысқы ойындар 2022 жылдың басында өткізіледі деп жоспарланып отыр.