$ 441.58  480  4.86

«Қайрат» пен «Абердин» арасындағы қарымта матчы «Kazsport» көрсетпейтін болды

«Қайрат» футбол клубының шотландтық «Абердин» футболшыларына қарсы қарымта матчы «Kazsport» телеарнасының эфирінен көрсетілмейтін болды.

Еуропа Лигасының үшінші біліктілік раундының «Қайрат» пен «Абердин» құрамаларының екінші кездесуі 6 тамыз күні Абердин қаласында (Шотландия) өтеді. Алайда шотландиялық телевизия өкілдері бұл ойынның түсірілімін өткізбейді, бұл туралы «Kazsport» телеарнасының өкілдеріне жолдаған ресми хаттан белгілі болды.

«Осы маусымда біздің құрамаларымыздың еуропакубоктарындағы матчтарын осымен бірнеше рет көрсете алмай отырмыз, оларды көрсету үшін бар күшімізді салып отырмыз», - дейді «Kazsport» телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулин, - мысалы, «Астана» және «Марибор» футбол құрамаларының арасындағы қонақта кездесуінің бірінші ойыны телевизиялық көрсетілімін көрермендерімізге ұсына алмадық. Словенияның телеарналары Мариборда өткен матчты түсіруден де,  көрсетуден де бас тартты, себептерін  де түсіндірмеді. Біз соңғы уақытқа дейін сол матчты көрсету үшін бар күшімізді салдық, алайда қолымыздан келмеді, «Абердин» мен «Қайрат» арасындағы матчты да көрсетуге мүмкіндік болмай тұр».

Естеріңізге сала кетейік, шотландтық және қазақстандық құрамалар арасындағы бірінші кездесу 30 шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтті. Ол 2:1 есебімен Қайраттың жеңісімен аяқталды. «Kazsport» телеарнасы бұл матчты тікелей эфирден көрсеткен болатын.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары