Биыл 15 қыркүйекте кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында екінші жекпе-жектің өтетіні белгілі. Қос боксшы да қазір аталған кездесуге қызу дайындық жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Сауль "Канело" Альварес өзінің Instagram-парақшасына жаттығу залынан түсірілген видеороликтерін жүктеген. Ал, күні кеше Youtube видеопорталындағы Behind The Gloves каналында GGG командасының дайындығы түсірілген видео пайда болды.
GGG мен «Канелоның» бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде T-Mobile Arena-да өткен еді. Ол дау-жанжалмен аяқталып, жеңіс ешкімге бұйырмаған болатын. Көптеген сарапшылар және жанкүйерлер Геннадийдің таза жеңісін әділетсіз тартып алды деген пікірде қалды. Енді рематч 15 қыркүйекте болады.
Геннадий Головкин мен оның жаттықтырушысы Абель Санчес бұл жолы тек қана нокаутпен жеңетіндерін бірнеше рет айтты. «Канело» өз кезегінде биылғы жекпе-жек өткен жылға қарағанда қызығырақ болатынын айтып жүр.