06.08.2015, 08:05

ХИК басшылығы шағымданып жатыр

Yle.fi

Финнің ХИК футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық раундтың "Астана" футбол клубына қарсы қарымта кездесуіне наразылығын білдіруге ниетті, - деп хабарлайды Vesti.kzфиннің Yle.fi басылымына сілтеме жасап.

ХИК басшылығының мәліметінше, "Астана Аренада" өткен матч барысында команда қақпашысы Даниэль Эрлунн допты көрмеу үшін лазер таяқша қолданылған. Бұл ақпаратты клубтың Бас директорының орынбасары Кари Хаапиайнен растады.

Еске сала кетейік, кездесу 5 тамызда "Астана Арена" стадионында өтті және 4:3 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.