25.08.2018, 10:10

АЗИАДА-2018: Дархан Нортаев Қазақстан қоржынына төртінші алтын медальды салды

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Дархан Нортаев джи-джитсудан ерлер арасында 62 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Омар Ал-Фадхлиді (БАӘ) жеңді деп мәлімдеді Азаттық.

Қазақстан спортшысы финалға дейін Бахрейн, Филиппин, Қырғызстан, БАӘ спортшыларыннан басым түскен.

Нортаев джи-джитсуден 2016 жылғы әлем чемпионы атанған. 2017 жылғы әлем біріншілігінде қола алған. Биыл Ақтауда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен.