27.08.2018, 13:30

«Жетінші алтын»: қазақстандық гимнаст қыздар Азия ойындарының чемпионы атанды

Алина Әділханова

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) көркем гимнастикадан командалық жарыста чемпион атанды. Күмісті Өзбекстан, қоланы Оңтүстік Корея алды деп жазады Азаттық.

Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилов Азия ойындарында жеңімпаз болған.​ 27 тамызда каратэден Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болған.