28.08.2018, 10:39

«Сегізінші алтын»: Гимнаст Алина Әділханова Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алина Әділханова көркем гимнастикадан жекелей көпсайыста чемпион атанды деп жазады Азаттық.

Ол төрт элементпен - шеңбер (обруч), доп, таяқ (булава) және таспамен (лента) өнер көрсетіп, 66,500 ұпай жинады. Күміс Өзбекстан спортшысы Сабина Ташкенбаева (65,850), қоланы Қытай спортшысы Ятинг Жао (65,550) алды

27 тамызда Қазақстан көркем гимнастика құрамасы командалық жарыста алтын жүлдеге ие болған.

Қазір Қазақстан 8 алтын, 8 күміс, 29 қоламен жалпы есепте 10-орында келеді. Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр.