$ 494.87  520.65  4.91

АЗИАДА-2018: су добынан ерлер құрамасы Жапонияны жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды деп жазады Азаттық. Олар финалда Жапония құрамасын жеңді, есеп - 7:8.

Қазақстан құрамасы ойын барысында 2:5 есебімен жеңіліп жатқан. Соңғы таймда есепті теңестіріп, ойын аяқталуға екі минут қалғанда Қазақстан ойыншысы Рустам Укуманов жеңіс голын салды.

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы 1994, 1998, 2002, 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарында да чемпион атанған. 2006 жылғы Азия ойындарында Жапония чемпион болып, Қазақстан қола иеленген.

Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 43 қоламен жалпы есепте 9-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары