Допинг қолданғаны үшін спорттан ұзақ мерзімге шеттетілген ауыратлет Илья Ильиннің айып мерзімі аяқталып, бүгін ол алғашқы жарысында бақ сынап жатыр. 30 жастағы даңқты спортшы Талдықорғанда өтіп жатқан республика біріншілігіне қатысуда.
102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Ильин жұлқа көтеруде 165 келіні бағындыра білді. Бұл чемпионат Илья үшін 2015 жылдан бері алғашқы жарысы. Сол жылы ол Грозныйда өткен жарыста екі рет әлем рекордын жаңартып, чемпион атанған болатын.
Айта кетейік, 2016 жылы Илья Ильиннің ағзасынан допинг табылып, ол спорттан екі жылға шеттетілген еді. Сондай-ақ, оның 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медальдары кері қайтарылды. Десе де, Ильиннің 4 дүркін әлем чемпионы және 2 дүркін Азия ойындарының чемпионы атағы өзінде қалды.