Үш жылдық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралған даңқты ауыратлет Илья Ильин Қазақстан біріншілігін жеңіп алды.
Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында Ильин 102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Ол қос жаттығудың нәтижесінде 380 келіні (172+208) бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, қызылордалық ауыратлет 2016 жылғы допинг дауынан кейін үлкен спорттан шеттетілген болатын. Соңғы рет ол 2015 жылы Грозный қаласында өткен халықаралық жарысқа қатысып, чемпион атанған.