10.09.2018, 18:09

Көкпардан алғашқы әлем чемпионатын өзбектер өткізетін болды

Көкпардан алғашқы әлем чемпионаты келесі жылы Өзбекстанда ұйымдастырылады. Қырғызстан мен Өзбекстанның көкпар федерациялары 8 қыркүйекте осындай шешім шығарған деп жазады centralasian.org.

"Әзірге біріншіліктің қашан және қай қалада өтетіндігі белгісіз. бірақ шешім қабылданды. Турнир қайқазаны бар көкпар ережесімен өтеді", - деді қырғыз федерациясының президенті. Жыргалбек Саматов.

Еске салайық, Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Өзбекстан құрамасы жартылай финалда Қазақстан командасын 4:3 есебімен жеңіп, кейін финалда алаң иелерінен 32:9 есебімен ұтылған.

Көшпенділер ойыны 2 қыркүйекте Шолпан-Атада басталды. Оған әлемнің 77 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысты.