19.08.2015, 03:02

«Астана» – «АПОЭЛ» 1:0

sport.mail.ru

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Кипрдің «АПОЭЛ» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз голды 14-ші минутта Бауыржан Жолшиев соқты. Бауыржанның голы алғашқы таймда соғылса да, 90 минут бойы «Астана» қонақтардың шабуылына төтеп беріп, қақпаға гол енгізген жоқ.

Осылайша, үйдегі кездесуді жеңіспен аяқтаған «Астана» енді «АПОЭЛ» алаңында қарымта кездесу өткізеді.

«Астана» – «АПОЭЛ» матчы кезінде еурокубок сынына қазақстандық командалардың өз алаңында өткізген кездесулерінде бұрын-соңды болмаған келушілер санының жаңа рекорды тіркелді. Бұл туралыSports.kz. жазады.

«Астана» – «АПОЭЛ» матчы кезінде «Астана Арена» стадионына 30 000 жанкүйер жиналды. Бұған дейін көрермен ең көп жиналған ойын ретінде «Шахтёр» – «Селтик» матчы саналып келген. Ол жолы 29 950 адам ойынды тамашалауға келген еді.