19.08.2015, 03:17

Лемьё-Головкин жекпе-жегі: 15 мың билет бірден сатылып, рекорд жаңалады

khabar.kz

7 қазанда Нью-Йоркте «Madison Square Garden» аренасында өтетін жекпе-жекке бір аптаға жетпейтін уақытта 15 мыңнан астам билет сатылып кетті, деп хабарлады sport.kz. 

Шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта (72,6 келіге дейін) көш бастаған Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) канадалық Давид Лемьемен Лемьёмен (34-2, 31 KO) қолғап түйістіреді. Бұл аренаға Головкин төртінші рет шықпақ. 

«Бір аптаға жетпейтін уақытта 15 мыңнан астам билет сатылып кетті. Бізде өткен сатылымды екі есе басып озған жаңа рекорд орнады», - деп мәлімдеді аренаның атқарушы вице-президенті Джоэл Фишер.Еске салсақ, НВО-ға жазылғандар бокс кешіне 49,95 доллар төлеп, қатыса алатын болады.