19.08.2015, 03:23

Бас бапкер: «Ендi жауапты матч қиын болады»

http://www.inform.kz/

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiндегі алғашқы кездесуде өз алаңында кипрлік АПОЭЛ командасын 1:0 есебiмен жеңген "Астана" футбол клубының бас бапкерi Станимир Стоилов матчтан кейiн БАҚ өкiлдерiне брифинг өткiздi.

"Ең алдымен айта кетейiн, бүгiн  өте қиын, тактикалық ойын болды. Бiз қарсыласымыздың қақпасына бiр гол салып, 1:0 есебiмен өз алаңымыздағы ойынды жеңдiк. 1-таймда гол салатын бiрнеше мүмкiндiк болды. 1-шi таймда АПОЭЛ командасы бiздiң қақпаға жуықтаған да жоқ десек болады, ал, 2-шi таймда қарсылас команда ойынын жақсартты. Бiрақ, біз өз қақпамызды жақсы қорғадық", - дейдi С.Стоилов.

"Астана" бас бапкерi, тағы бiр-екi гол салатын сәттi тиiмдi пайдаланғанда, жауапты матчта ойнау оңайырақ болатынын еске салды. 

"Астана" командасы да, АПОЭЛ командасы да екiншi таймда гол салатын бiрнеше мүкіндікті жіберіп алды. Егер, сол орайды ұтымды пайдаланғанда, қарымта ойында оңайырақ болатын едi. Ендi жауапты матч қиын болады", -бас бапкер.