Қазақстандық спортшы Рүстем Ибраев Астанада дзюдо күресінен өтіп жатқан ӘЧ жартылай финалына өтті. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеді.
60 келі салмақтағы Ибраев алдын ала кезеңде эквадорлық Ленин Пресиадо мен армениялық Папинашвилиді тізе бүктірген болатын. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 123 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланып отыр.