$ 447.4  477.55  4.76

Ильин әлем рекордын жаңартты

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильин серпе көтеруден әлем рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz спортшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Түнгі жаттығу. Серпе көтеруден 250 келі. Әлемдік рекорд!!!», - деп жазды Ильин видео жүктей отырып. Айта кетейік, шетел сарапшылары 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында Илья Ильиннің алтын медаль ала алмайтынын жазды. Олар қазақстандық спортшы екінші орыннан көрінеді деп болжап отыр.

Дегенмен Ильин бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді. Ол аналитиктердің 99,9 пайызға қателескенін айтты. "Бұл менің Олимпиада ойындарына үшінші рет қатысуым, мен мұндай жағдайларға бұрын да кезіккенмін. Лондондағы олимпиада кезінде де маған осындай пікір айтылды. Мен мұны дұрыс деп есептеймін. Дегенмен, сарапшылар 99,9 пайызға қателесті", - деді ол.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары