$ 442.05  474.14  4.74

«Астана» тұңғыш рет чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің соңғы іріктеу матчы аясында «Астана» футбол клубы Кипрдің «АПОЭЛ» командасымен кездесті. Никосиде өткен қарымта кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды деп хабарлайды 24.kz.

Ойынның тең аяқталғанына қарамастан Станимир Стойлов шәкірттері чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Бұл – қазақ футболы үшін тарихи сәт! Себебі қазақстандық футболшылар тұңғыш рет үздік 32 команданың сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Жалпы, есепті алғаш болып алаң иелері қатарынан 60-минутта Штилич ашқанымен, 83-минутта елордалық клубтың сербиялық ойыншысы Неманья Максимович таразы басын теңестіріп, қазақ футболындағы жаңа парақтың бетін ашты.

Айта кетейік, «АПОЭЛ» мен “Астана” арасындағы алғашқы ойын 1:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталған еді.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары