$ 443.72  482.28  4.9

«Қайрат» «Бордоны» жеңді. Бірақ...

Алматылық «Қайрат» футбол командасы өз алаңында Францияның «Бордо» клубымен жауапты кездесу өткізді. Есеп 2:1 болып қазақстандықтардың пайдасына шешілгенмен, команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады.

 

Ойынның алғашқы минутында-ақ, қазақстандықтар қарсы қақпаға гол соғып үлгерді. Нәтижелі соққының атворы Сито Риера.

Ал ойынның 66-минутында жерлестеріміз есепті 2-0-ге жеткізді. Алдымен Сито Риераның нәтижелі соққысынан кейін «Бордо» қорғаушысы Седрик Ямбере өз қақпасына гол соғып алды. Ал екінші допты қарсы қақпаға Исламбек Қуат салды.

Матчтың 76-минутында итальяндық шабуылшы Энцо Кривелли команданың алғашқы голын салып, есеп 2:1 нәтижесімен аяқталды.

«Бордо» сырт алаңда гол соққан соң, келесі топтық кезеңге өтті. Өкінішке орай, «Қайрат» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту мүмкіндігінен айырылып, лигадағы ойынын осымен аяқтады.

NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары