$ 441.44  473.09  4.75

Елбасы «Астана» командасын құттықтады

Мемлекет басшысы елордалық команданы құттықтай отырып, осынау шын мәніндегі тарихи жетістік жанкешті ойынның, ынтымақтың, шебер бапкерлік жұмыс пен жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Команданың табысы бүкіл Қазақстан халқын тұтастыра түсті. Бұл оқиға спортты елімізде одан әрі танымал ете түсу үшін тың серпін беретініне сенімдімін. «Астананы» енді футболдағы әлемдік алып командалармен бәсекелер күтіп тұр. Бұл біздің жанкүйерлерімізге жаңа сапалық деңгейдегі ойындарды көзбен көруге мүмкіндік береді», – делінген жеделхатта. 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың атынан командаға жарқын жеңістер тіледі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары