Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Бангкокта өтіп жатқан Азия біріншілігінде алғашқы жекпе-жекті сәтті өткізіп, жартылай финалға өтті.
69 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан боксшымыз қытайлық Лю Вэйді 3:0 есебімен ұтты.
Сонымен қатар, 52 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Олжас Сәттібаев, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов, 91 келіде өнер көрсеткен Иван Дычко да қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жарысты әрі қарай жалғастыру құқығына ие болды.
Еске сала кетейік, Бангкоктегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы ұтылып қалды. Олардың қатарында 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да бар.