$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда балаларды спортқа баулу мәселелері қаралды

Елбасының бастамасын қолдап, бұқаралық спортты дамытуға біркісілік үлесін қосып жүрген азаматтар бүгін Алматы қаласы Өңірлі кммуникациялар қызметі алаңында «Алматы қаласындағы спортты дамыту» тақырыбында баспасөз мәсілихаты өткізді. Аталған баспасөз жиынына «Батыл бол» бағдарламасының ұйымдастырушысы Мұхтар Тұрсынов, «Спортттық Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушысы Айдос Бағашев және «Спорт менің ауламда» бағдарламасының нұсқаушысы Крилл Пелипенко қатысты.

Баспасөз конференциясында сөз алған қонақтар өздері тізгіндеп отырған бағдарламалардың атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Айдос Бағашевтің айтуынша, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала тынысына әр беретін әртүрлі сопрттық шаралардың ұйымдастырылып келе жатыр екен. Олардың қатарында қала көлемінде ұйымдастырылған велошерулер, ұлттық ойындар бар. Түрлі дене шынықтыру бағдарламалары қала халқын бұқаралық спортпен айналысуға ынталандырып келеді. Бұл қала халқының тұрмыс сапасын арттырудың, халықтың денсаулығын нығайтудың кепілі болып табылады.

Өз кезегінде Крилл Пелипенко «Спорт менің ауламда» бағдарламасының жетекшілігімен өткізіліп келе жатқан спорттық шаралар жайлы айтты. Сонымен қатар қала көлеміндегі спорт нысандарын  тыңғылықты деңгейде ұстап, халық игілігіне жара-тып отыру үшін қалалық «Спорт – менің ауламда» бағдарламасы бар ынта-жігермен жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.

Осы жерде өз тарапымыздан қоса кетер бір дерек, бұқаралық спортты қолдау мақсатында Алматы қаласының билігі спорттық нысандарды салудан жалыққан емес. Алматыда бүгінде  1839 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Тек биылғы жылдың өзінде ғана қалалықтардың демалысын ұйымдастыру үшін 606 спорт алаңдары салынып, ескілері жаңғыртылды. Және бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін  тұрғын үйлер аулаларында қосымша тағы да осындай спорт алаңқайлары салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілетін болады.

Ал «Батыл бол» бағдарламасының ұйымдастырушысы Мұхтар Тұрсынов аталған жобаның жетекшілігімен Алматыда аз қамтылған отбасылардың 6-17 жас аралығындағы балаларына арналған тегін әлеуметтік жоба жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бағдарлама аясында 800 бала спортпен айналысуға мүмкіндік алып отыр. Елбасының биылғы Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту – ұлт саулығын қамтамасыз етудің алғы шарты екені айтылған болатын. Мемлекет басшысының жолдауын қолдау үшін қала билігінің қолдауымен «Батыл бол» қолдан келген қыметті атқарып келеді. «Шынымен де, егер біз олимпиада чемпиондарын тәрбиелегіміз келсе, бірінші кезекте жергілікті билік органдары бұқаралық спортты жан-жақты дамытуға көңіл бөлуі тиіс», - дейді жоба жетекшісі.

Мұхтар Тұрсынов айтуынша, «Батыл бол» әлеуметтік жобасы биыл наурызда Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен басталған. Бұдан басқа, жоба жеке кәсіпкерлік пен әлеуметтік әріптестіктің дене шынықтыру және спорттық нысандарын қолдау және дамытуға бағытталған.

«Жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту. Қазіргі кезде 800-ден астам бала қатысып жүр. Жоба биыл 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Жобаға қатысу кезінде балалар тегін білім алады және 10 айлық зерттеу нәтижесі бойынша спортта шыңдалып, өз болашағын жасай алады. Жоба спорттың 4 түрі - шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және бокс секциялары бойынша жұмыс істеп тұр. Барлық спорт түрлері тәулігіне 1,5 сағаттан, аптасына үш рет өткізіледі. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаттықтырушылар оларды Алматы және басқа қалаларда жарыстарға дайындап жатыр», - деді Мұхтар Тұрсынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары