Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңінде Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында өткен Чехия командасымен кездесуінде 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды sports.kz.
Қазақстандықтар енді келесі ойынын 7 қыркүйекте сағат 00:45-те Рейкьявикте Исландия құрамасымен өткізеді. Бұл кездесуді «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Чехия – Казахстан 2:1 (0:1) Голдар: Логвиненко 21 (0:1), Шкода 74 (1:1), Шкода 86 (2:1) Ескертулер: Шомко 42 Чехия: Чех, Кадержабек, Прохазка, Лимберски, Сухи, Дочкал, Скалак (Шкода 46), Павелка, Крейчи (Копиц 84), Дарида (Шурал 68), Лафата қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смаков, Логвиненко, Куат, Конысбаев (Көкеев 88), Исламхан (Сүйімбаев 78), Шомко, Нөсербаев (Хижниченко 72), Жолшиев Бас төреші: Мартин Стрембергссон (Швеция) 3 қыркүйек. Пльзень. «Doosan Арена».