04.09.2015, 09:47

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға өтті.

www.sports.kz

Бокстан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға өтті.

52 келі салмақта тараздық Олжас Сәттібаев Қырғызстан құрамасының үздігі Азат Үсенәлиевті жеңіп, финалға жолдама алды. Енді Сәттібаев финалдық бәсекеде өзбекстандық Шахобиддин Зоировпен қолғап түйістіреді.

60 келі салмақта Зәкір Сафиуллин жапондық Дайсуке Нариматсуды 3:0 есебімен ұтты. Финалда Сафиуллин моңғолиялық Доржанбуумен кездеседі.

69 келіде ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов моңғолиялық Тувшинбат Бямбамен өте ауыр жекпе-жек өткізді. Бойының аласалығына қарамай, моңғол боксшысы атақты қарсыласынан қорыққан жоқ. Тіпті, үшінші раундта Данияр нокдаун алып, есеңгіреп те қалды. Әйтсе де, төрешілер тәжірибелі қазақ боксшысын жеңімпаз деп тапты.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы сапынан 7 боксшы жартылай финалға өтті

nur.kz