Спорт 11.11.2018 сағат 04:46  389

Ауырт атлетика: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын алтын медальсыз аяқтады

Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты мәресіне жетті деп жазады ҚазАқпарат.

Ауырт атлетика: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын алтын медальсыз аяқтады

Қорытындысында, Қазақстанның әйелдер құрамасы жарысты үшінші орында, ерлер құрамасы жетінші орында аяқтады. Ал ұлттық құрамалардың жалпы есебінде Қазақстан 13-ші орынды місе тұтты.  

Әлем чемпионатында бірінші орынды Қытай иеленді. 7 алтын, 8 күміс, 4 қола медальмен Қытай құрамасы өз қарсыластарынан едәуір озып кетті. Екінші орынға 3 «алтын», 3 «қоламен» Таиланд құрамасы тұрақтаса, үшінші орынды 2 алтын, 1 қола медальмен Иран түйіндеді.

Қазақстан қоржынына барлығы екі медаль түсті - бір күміс, бір қола. Күміс жүлдені 55 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші Арли Чонтей алып келді. Қола медальды 71 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачева алды.

Соңғы жаңалықтар