07.09.2015, 03:38

Бокстан 5 алтын алдық

www.alaman.kz

Тайландта бокстан 2015 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, осы жолы ойын өте тартысты өтті.

Ширек финалдан бастап соңғы финалдық жарысқа дейін жүлде саны бойынша бір-бірімен бәсекелесіп келген, екі мықты команда – Қазақстан мен Өзбекстан жігіттері алға озды.

Бұл туралы Sports.kz. хабарлайды. Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді: Сәттібаев, Елеусінов, Ниязымбетов, Левит, Дычко – алтын, Сафиуллин – күміс, Ералиев – қола жүлде олжалады.

Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі, онда Олипиадалық лицензия ойнатылады.