07.09.2015, 05:10

Мартин Мюррей: «Бұл – Головкин үшін түкке тұрмайтын жекпе-жек»

www.sport-express.ua

Мартин Мюррей  Головкин мен Лемье жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты,деп хабарланды GGG ВКонтакте ресми парақшасында. 

«Меніңше, бұл - Головкин үшін түкке тұрмайтын жекпе-жек. Лемьеде бір ғана мүмкіндік бар, ол - лаки панч. Лемье - соққылары мықты өжет боксшы, алайда шабуылдан кейін ол ашылып қалады. Менің ойымша, Головкин Лемье үшін көп бас қатырмайды, екі-үш раунда-ақ өз орнына жібереді... Головкин - тамаша боксшы... олар айқасты 50-50, тең қарсылас  ретінде жалғастырады, бірақ Головкин үшін бұл айқас еш қиындық тудырмайды», - деді ол.