Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде Қытай мен Таиланд командаларына ғана жол беріп, үшінші орынға тұрақтады деп хабарлайды BNews.kz.
«Бұл дүбірлі додада біздің құраманың қоржынына 6 медаль түсті, оның үшеуі – «алтын». Рустем Сыбай (94 кг), Ермек Өміртай (85 кг) және Айдар Қазов (77 кг) өз салмақ дәрежелерінде Азия чемпионы атанды. Ал қыздардан Майра Файзуллаева (69 кг), Фаина Сиванбаева (63 кг) және Әсем Садықова (58 кг) қола жүлде еншіледі», – деп мәлімдеді Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен.
Майра Файзуллаева (101+125) жұлқа көтеру мен серпе көтеруде III орын.
Фаина Сиванбаева (104+125) «жұлқа көтеруде» II орын, «серпе көтеруде» III орын.
Әсем Садықова (95+122) «серпе көтеруде» II орын.
Сауле Сәдуақасова (96+117) «жұлқа көтеруде» III орын.
Айдар Қазов (156+194) «серпе көтеруде» I орын.
Ермек Өміртай (161+203) «серпе көтеруде» I орын.
Семен Линдер (166+192) «жұлқа көтеруде» I орын.
Рустем Сыбай (167+216) «жұлқа көтеруде» III орын, «серпе көтеруде» I орын.