$ 443.44  480.51  4.88

Германия құрамасы аргентиналықтарды жеңіп, төртінші рет футболдан әлем чемпионы атанды

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының финалында Германия Аргентина құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, бiрiншiлiктiң бас бәйгесiн қанжығаға iлдi, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

Матчтың негiзгi уақытында қарсыластар белсендi ойын көрсеткенiмен, есеп аша алмай, кездесудi экстратаймға ойыстыруға мәжбүр болды. Қосымша кезеңнiң екiншi экстратаймында (113-ші минут) ұтымды пасты қабылдай бiлген Марио Гетце аргентиналықтардың қақпасына жеңiстi гол енгiзiп кеттi.

Осылайша, Германия 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңiмпазы атанып, өз тарихында төртiншi рет Кубоктi қанжығаға байлады. Аргентина - күмiс жүлдегер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары